ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2  287 көрілім

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 22.10.2021 жылғы №2486 бұйрығымен Жұмадуллаев Мұхамеджан Ергешбайұлы Түркістан қалалық орталық «Яссы» мешітіне және Түркістан қаласы бойынша бас имам болып тағайындалды.
Жұмадуллаев Мұхамеджан Ергешбайұлы 1983 жылы мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. 1989 жылы М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1997 жылы осы мектептің 9 сыныбын бітіріп, Шымкент қаласындағы «Кәусар» гимназиясында оқуын жалғастырады. 2003-2008 жылдары Шымкент қаласындағы «Халықаралық Қазақ-араб» университетінің сыртқы оқу бөлімін тәмәмдайды.
Еңбек жолын 2002 жылы Түркістан қаласындағы «Үш Арыс» мешітінде бас имам қызметінен бастаған. 2004-2005 жылдары Шымкент қаласында «Дар Аль-Арқам» Құран жаттау, қариялар даярлау медресесінің құран пәні тәрбиеші ұстазы қызметінде жұмыс жасаған. 2005 жылы «Алмас Жол» ЖШС мекемесінде басшы, 2006-2007 жылдары «Жүк тасымалдау» мекемесінде басшы, 2007-2008 жылдары «Югдорсервис» ЖШС бөлім басшысы қызметін атқарды. 2008-2009 жылдары Түркістан қаласындағы №21 кәсіптік лицейінде экономика пәнінің мұғалімі болды.
2009-2010 жылдары Алматы қаласындағы «Абу Ханифа» медресесінде шәкірт әрі тәлімгер, 2010-2011 жылдары Астана қаласында СІМ «Астана қаласының эксплуатациялық ғимараттар бөлімшесі» қызметінің сарапшысы, 2011-2012 жылдары СІМ «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету басқармасы» бас сарапшысы қызметтерінде жұмыс жасады. 2012-2015 жылдары Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет орталығы өкілінің аудармашысы және көмекшісі қызметтерін атқарған. 2015-2019 жылдары жеке кәсіпкер, 2019-2020 жылдары «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Түркістан облысы, Түркістан қаласы «Хилует» орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды. 2020 жылы 5 наурызынан бастап, Түркістан қаласындағы «Нәзір Төреқұлов» мешітінің бас имамы, 2020-2021 жылдары Түркістан облысының наиб имамы қызметтерін атқарып келді. Отбасылы, 5 перзенті бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы