ЗАМАНАУИ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ БОЙ КӨТЕРМЕК

1  284 көрілім

Түркістан қаласында әлемдік стандарттарға сай теннис орталығы салынуда. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан заманауи спорттық нысанның құрылысы толықтай испаниялық жобаның үлгісімен жүзеге асуда. Жер аумағы 2,5 гектарды құрайды, жалпы ауданы 5000 м2. Теннис орталығы 7 ашық теннис кортынан, көрермендерге арналған жиналмалы мінбелер, әмбебап ойын алаңы, балалар ойын алаңынан тұрады.

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы нысандарды кезекті аралау барысында: «Құрылыста әр қадам маңызды. Әсіресе сапаға салғырт қарауға жол бермеу керек. Жаңадан салынып жатқан барлық спорт нысандары халыққа ыңғайлы, сапасы мінсіз болуы тиіс. Бұл жерде ертең балаларымыз жаттығып, шынығады», – деді .

Облыс әкімі сондай-ақ спорт кешендері бар есу каналының құрылыс алаңында болды. Елімізде баламасы жоқ спорт кешендері бар ескек есу каналы халықаралық талаптарға сай олимпиадалық орталыққа айналады.

Су спорты түрлерін дамыту Түркістан қаласында жоғары деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шаһардың сәулеттік көркін келтіріп, туризмді дамытып, өңірде қолайлы микроклимат қалыптастыруға сеп болады.

Халықаралық дәрежедегі ескек есу жəне байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталық 100 гектарға жуық алаңда орналасқан. Каналдың ұзындығы – 2222 м. Ені 260 м, тереңдігі 4 м.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы