АРЫСТА АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

1  297 көрілім

2021 жылдың 25 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойған болатын.
Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың былтырғы халыққа арнаған Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 25 шілдесі күні елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті.
Мемлекет басшысы ауыл әкімдерінің сайлауы біздің саяси жүйеміздің кемелденуінің белгісі ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың демократиялық дамуындағы елеулі қадам екенін атап өткен еді.
Арыс қаласы бойынша ауыл әкімдерінің сайлауы заңға сәйкес, өз дәрежесінде өтті. Тұрғындар өз ауылдарының көркеюі мен дамуы үшін таңдауларын жасады.
Сайлау учаскелерінде сани¬тарлық нормалар сақ¬талып, комиссия мүшелері өз жұмыстарын абыроймен атқарды. Сайлау заңнамасына сәйкес ешқандай заңбұзушылықтар тір¬келген жоқ.
Арыс қалалық Аумақтық сайлау комиссиясы ауыл әкімдерінің сайлауы бойынша қорытынды деректерді жариялады.
4 ауылдық округ бойынша дауыс беруге 12 сайлау учаскесінде 10439 сайлаушы тіркелген.
Сайлау қорытындысына сәйкес тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 80 пайызы дауыс берді.
«Nur Otan» партиясынан ұсынылған 2 кандидат үгіт-насихат кезеңінде сайлаушылардың әр түрлі санаттарымен кездесіп, түрлі форматтарда 150-ге жуық үгіт-насихат шараларын өткізді.
Кездесулерде кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ауыл-ауылды, елді-мекендерді аралап тұрғындарды толғандырған ұсыныс-тілектерін тыңдап, ауылдағы өзекті мәселелерді анықтап, бағдарламаларына енгізілетінін атап өтті.
Нәтижесінде «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Монтайтас ауылдық округі әкіміне кандитат Ахметов Ербол Батырбекұлы және Қожатоғай ауылдық округ әкіміне кандидат Елшібаев Зәкірқожа Үсенұлы сайлаушылардың басым дауысына ие болып, сайлаудың қорытынды нәтижесіне сәйкес жеңімпаз атанды.
Жеңіске жеткен кандидаттарға ел игілігі жолында аянбай қызмет етіп, ауылдарды дамыту үшін бар күш-жігерлерін салуға тілектеспін.

Б.Ділдәбеков,
«Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы