ЖАС СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

1  425 көрілім

Елорда күні қарсаңында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, атақты палуан Қ.Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған жасөспірімдер арасында үлкен футболдан жарыс өткен болатын. Маусым айының 21-нен шілде айының 3-не дейін жалғасқан аяқ доп шеберлерінің жарысын қала әкімдігінің спортты дамыту бөлімі мен Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды.

Арнайы спорттық шараның жабылу салтанатында Түркістан қалалық мәслихат депутаты Ғалымжан Батырханұлы сөз сөйлеп, жас өрендерге қолдау білдірді. Команда мүшелері әртүрлі мектептен жинақталған Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары.

Екі аптаға жуық уақытқа созылған сайыс қорытындысы бойынша 8 команда бақ сынап, I орынды «Қайрат» командасы қанжығасына байласа , II орын «Тұран» командасына бұйырды. Ал «№23 мектеп» командасы III орынды иеленді.

Ғалымжан Батырханұлы жас спортшыларға жеңісті сәттер тілеп, футбол спорт түрінің дамуына алдағы уақытта да үлес қосарына сенім білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы