ӨЗ ГАЗЕТІМІЗ – ӨЗІМІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ

1  893 көрілім

Өз газетіміз дегенде әрине «Түркістан», «Туркистон» газеттерін айтып отырмын. Өзі туған жердің, өзі тұрған жердің тарихын білмеген адам ол мекеннің қасиетін сезе алмас, қадірін біле алмас. Атап отырған газетіміздің бір ғасырға жуық тіршілігінде киелі Түркістанның, Түркістан өңірінің сол кездегі өңір халықтарының жағдайлары туралы хатталған шежірелерді білмей, зерделемей туған өлкеңді шынайы сүю, шынайы патриот болу мүмкін бе?

Айтайын дегенім «өз» газетіміздің таралымы сын көтермейді. Бұған жоғары-төмен биліктегі мырзалар қажетті мән берулері тиіс.

Қосмос арқылы неше түрлі оңай байланыстар тез арада хабар бергені болмаса түпкілікті, мәнді, зерделі мағына бере алмайды. Қағаз бетінен көзбен көріп оқымай, керек жерін қағазға көшіріп алмай, естігеніңнің бәрі есте ұзақ сақтала бермейді. Ғылымды, білімді тек телефон, телевизор, радио арқылы меңгереміз дейтін талапкерлер де бар шығар. Оның бәрі саунадағыдай емес.

«Өз» газеттеріміздің, әсіресе тәуелсіздік алғалы бергі мазмұны мен мәнінде қоғамның ең зәру мәселелерге, тіпті әдебиет, мәдениетке жіті назар аударып тұратынына өзім куәмін. Кейде ойланамын, шенді-шекпенді азаматтарымыздың, мекен басшысы мен мүшелерінің жеке отбасына «өз газетімізге» жазылмағаны анық.

Қала тұрғындары, мекемелер қызметкерлері газетке жазылумен қамтылған ба? Биліктегілерден тапсырма-ұсыныстар қандай деңгейде, формада жүргізілуде.

Газет сонау Алаш заманында-ақ қоғамның айнасы деп бағаланған. Сән-салтанат, сан түрлі ойын-тамаша қашпас. Тәуелсіз елімізді нығайту үшін жас ұрпақтың санасына сауаттылық сәулесін түсіруде, ұлттық мәдениетті насихаттауға әрбір түркістандық атсалысуға міндетті.

Нұрмахан НАЗАРОВ,

Түркістан қаласының Құрметті азаматы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы