ЖАС СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

2  650 көрілім

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Жеңіс» саябағындағы кіші футбол алаңында жасөспірімдер арасында жарыс өз мәресіне жетті. Жалпы саны 150 спортшыны қамтыған жарыс бес күнге созылды. Жас теңбіл доп шеберлері жарысының қорытындысы бойынша 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында 1-ші орынды «Жігер», 2-ші орынды «Тұран», 3-ші орынды «С.Рахимов» командалары иеленді, 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Жігер», «С.Рахимов», «Болашақ» командалары өзара үздік үштікті қорытындылады. Жарыстың тағы бір ерекшелігі, бұл жарысқа қаладағы ашық алаңдарда ойнап жүрген сол аумақтың тұрғындарынан құралған командалардың қатысуы. Атап айтсақ, 3-ші орынға қол жеткізген Қазыбек би аллеясының кіші футбол алаңынан құралған «Болашақ» командасы осының бір дәлелі.
Сондай-ақ, осы мерекеге арналған ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында А.Сатаев 1-ші орынды, С.Захиржанов 2-ші орынды, Б.Мамиров 3-ші орынды иеленсе, қыздар арасында Н.Абдухаликова 1-ші орынға, Г.Мырзабек 2-ші орынға, Г.Сматуллаева 3-ші орынға табан тіреді.
Мереке аясында жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі дипломдар мен медальдарға ие болып, Түркістан қалалық спортты дамыту бөліміне, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Түркістан қалалық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әкімшілігіне өз алғыстарын жеткізді.


Райымжан ӘЛІБАЕВ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы