АРДАГЕРЛЕР БОЗ КІЛЕМДЕ СЫНҒА ТҮСТІ

2  573 көрілім

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Есірткісіз болашаққа!» атты ұранмен Түркістан қаласында самбо күресінен ардагер спорт шеберлері арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Мамырдың 15-18 жұлдызы аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің спорт залында өткен осы жарыс барлық санитарлық талаптар ескеріліп ұйымдастырылды.

Ардагер спортшыларды жас ұрпаққа үлгі ету арқылы самбо күресін дамыту, болашақ спортшыларды достыққа, патриоттық сезімге баулу және олардың спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында өткен бұл додаға боз кілем шеберлері жоғары дайындықпен келгенін көрсетті. Жас ерекшеліктеріне қарай 300-ге жуық ардагер самбошылар қатысқан жарыс өте тартысты өтті. Тіпті кей жағдайларда төрешілердің шешім қабылдауы да оңайға соққан жоқ.

Сайыс нәтижесінде Түркістан облысының ардагерлері де жеңіс тұғырынан көрінді. Жерлестеріміздің есімдерін атап айтар болсақ, 65 жастан асқан самбошылар арасында Шора Сейдинов (88 келі), Досхан Юнусов (+98 келі) ІІ орынға ие болса, Ұлас Момынұлы (71 келі), Махсат Тилеуов (71 келі), Нематулла Алиев (79 келі), Курмансейт Зияев (88 келі), Мирзо Юсупов (98 келі), Қуандық Шакиржанов (98 келі) ІІІ орынға ие болды. Осылайша жарыс алғашқы кездесулерін пайғамбар жасынан асқан спортшылар бастады. Сонымен қатар, 60-64 жас аралығында белдескен самбошылар арасында Жолшыбек Айсориев (+98 келі) ІІ орынға, Александр Колесников (88 келі) ІІІ орынға ие болса, 55-59 жас аралығындағы палуандар арасында Қуат Байходжаев (98) І орын, Мусырманкул Дауренов (+98 келі) ІІ орын, Құрманғазы Бейсенов (71 келі), Нұржан Асылбеков (88 келі) ІІІ орын иегері атанды. Сондай-ақ, 50-54 жас аралығыда Аязбай Ескендір жеңімпаз атанса, Арман Имансейітов (71 келі), Марат Уразбаев (98 келі) Шынәділ Палымбетов (+98 келі) сынды үш бірдей самбошы ІІІ орынды місе тұтты. 45-49 жас ерекшелігі бойынша Айбек Ильясов (71 келі) ІІ орынға, Кумисбек Кулсариев (79 келі), Абдуғани Салаев (+98 келі) ІІІ орынға табан тіреді. 40-44 жастағы кілемге шыққан Мади Набиевке (88 келі) тең келетін палуан табылмады және осы салмақта Асылхан Утемисов (79 келі) ІІІ орынды жеңіп алды. 35-39 жастағы үш бірдей палуанымыз өз салмақ дәрежелері бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. Олар Самат Арғымбаев (71 келі), Нурлан Рустамов (98 келі), Сакен Булегенов (+98 келі) сынды спорт шеберлері. Осылайша боз кілем иелерінің мерейі үстем болды.

Жарыс соңында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, самбодан халықаралық дәрежедегі төреші, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбодан спорт шеберлері арасында әлемнің 4 дүркін чемпионы, жарыстың ұйымдастырушысы және бас төрешісі Әбсадық Нұрлақұлы Халилаев сөз алып, жеңіске жеткен спортшыларды осы жылы 24-27 қыркүйек күндері өтетін Литваның Паланга қаласындағы Әлем чемпионатында да жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді.

Кезінде Қазақстан Республикасы құрама командасында ел намысын қорғап, көк Туымызды желбіреткен бірқатар ардагер спорт шеберлеріне «Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» атынан «Құрметті спорт ардагері» медалі табысталды. Оларың ішінде Ғалымжан Худияров, Ануар Сәрсенбаев, Сабыржан Бұлдырықов, Қуат Байходжаев, Нұржан Асылбеков сынды бүгінгі таңда білікті шәкірт тәрбиелеп жүрген спорт майталмандары бар. Қорыта айтсам, мен өзім де жарысқа қатысушы ретінде жарыстың жоғары дәрежеде өткенін тағы бір рет атап өткенді жөн санадым.

Акажон ИЗЗАТУЛЛАЕВ,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы