«TURKISTAN KITAP CLUB» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

2  388 көрілім

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен және облыстық «Жас Отан» жастар қанаты мен қалалық «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен облыс орталығында тұңғыш рет «Turkistan kitap club» жобасы бастау алды.
Кітапсүйер оқырманның арасында рухани құндылықтарды жаңғыртуды көздейтін жаңа жаңа жобаның таныстырылымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Түркістан облысы бойынша Департаментінің өкілдері қалалық Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері және белсенді жастар мен жас депутаттар, қоғам белсенділері қатысты.


Келелі басқосуда жобаның парасатты қоғамды қалыптастырудағы маңыздылығы сөз болып, алдағы жұмыс жоспары мен қатысушылардың таным-түйсігіне тигізер үлесі ортаға салынды. Рухани жиында онлайн дауыс беру жүйесі арқылы белгілі жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімесі таңдалынып алынды және бұл шығарманың құндылығы келесі басқосуда қазбаланып, айшықталмақ. Айта кетсек, жастардың уақытын тиімді пайдалана отырып, ізгілікке жетелейтін аталмыш жоба айына екі рет тұрақты негізде ұйымдастырылатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы