ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТТІҢ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

3  001 көрілім

Кеше қазақ журналистерінің абыз ардагері Байдулла Қонысбектің 80 жасқа толған мерейтойы өтті. Мерейтой Қазақстан Журналистер Одағы және Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-де өтті.

Мерейтойға Түркістан облысынан бөлек, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан, Шымкент қаласынан бір топ зиялы қауым өкілдері, журналистер, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов кешке қатысып, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің құттықтау хатын оқып, сый-сияпат жасады.

Айтулы кешті жүргізген ҚР Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай мерейтойға карантиндік шектеулерге байланысты келе алмаған азаматтардың атап айтсақ: сенатор, «Ауыл» ХДП төрағасы Әли Бектаевтың, Мәжіліс депутаты, журналист Дархан Мыңбайдың, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиевтің, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ Басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясы президенті Дархан Қыдырәлінің және аудан әкімдерінің құттықтау хаттарын оқып берді.

Кеш барысында Байдулла аға туралы оның үзеңгілес әріптесі болған, жазушы Мархабат Байғұт қызықты естеліктер айтып, жүрекжарды лебізін білдірді. Ал, ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова Байдулла ағаның өмір жолы студенттер үшін өнегеге толы екенін айтып, мерейтой иесіне алғыс білдірді. Сонымен қатар, ағаның көптеген іні-қарындастары тілектерін айтып, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Байдулла аға қуанышына ортақтасқан барша қонақтарға рахметін білдіріп, көңілі толқып, жаны тебіреніп тұрғанын жеткізді. Байдулла Қонысбектің мерейтойы БАҚ өкілдері арасындағы бильярдтан аймақтық турнирге ұласты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы