ҚАЛА ӘКІМІ “БОЛАШАҚ” ГРАНТЫНА ИЕ БОЛҒАН АЗАМАТТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

1  463 көрілім

Рашид Абатұлы «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алу мүмкіндігіне ие болған азаматтармен кездесіп, сыннан сүрінбей өткендері үшін алғыс білдірді.

Түркістан қалалық орталық ауруханасының хирург маманы Абай Түймебаев пен Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының хирургі Бауыржан Оспанов Израильдің Хайфа қаласындағы оқу орнында білімін жетілдірмек. Олар алдағы апта ішінде жол жүріп, 3 ай білім алатын болады.

Жалпы, бағдарлама аясында Түркістан облысынан 100 мұғалім мен дәрігер өтінім білдіріп, тест тапсырған болатын. Олар алдымен қазақ тілі, психологиялық тест және онлайн тілдесу арқылы 3 кезеңнен өтті. Нәтижесінде, екі азаматтың бағы жанып, тәжірибесін болашақта туған жерінде, өз қызметінде қолданады.

Шаһар басшысы Рашид Аюпов өткен жылы «Тамыз конференциясы» кезінде мұғалімдер мен медицина өкілдеріне үлкен мүмкіндік туғанын айтып, өтінім білдіруге шақырған болатын. Бүгін қала әкімі грант иегерлерін жеке қабылдап, білімге ұмтылған жандарға қай жаста да мүмкіндік пен қолдау болатынын айтып, ілтипатын білдірді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы