ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

1  828 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен Түркістан қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Байдулла Оразбеков пен «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Темірбаев қала тұрғындарымен жол мәселелері бойынша бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдаулар өткізді.

Қоғамдық қабылдауды қалалық партия филиалының консультанты Әнуарбек Исабеков жүргізіп отырды. Барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, қала тұрғындарының мәселелері қаралды. Атап айтар болсақ, қабылдауға келген азамат Исатай Тайманов көшесіндегі асфальт мәселесі жауынды күндері тұрғындарға қиындық тудыратынын айтты. Жақын арада көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіліп, алдағы уақытта асфальт мәселесі де жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, қабылдауға келген азаматша Кенесары көшесі мен Қ.Мұңайтпасов көшесінің қиылысында жол көлік апаты көп болатынын жеткізді. Көшеге бағдаршам орнату мәселесі қарастырылатын болды.

Сол секілді облыстық мәслихат депутаты Шолпан Бегалиева тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қазіргі таңда пәтер жалдап тұратын, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар көмекке мұқтаж екенін жеткізді. Сонымен қоса Ақмарал ауруханасынан дәрі-дәрмек толық берілмейтінін айтты. Халық қалаулысы қала әкіміне өтініш жазып, әлеуметтік көмек алуға болатынын айтса, Ақмарал ауруханасының бас дәрігерімен сөйлесіп, тегін дәрілердің толық берілуін бақылауға алатынын айтты. Осындай көмекке мұқтаж жалғызбасты ананың екі мүгедек баласы бар. Осы уақытқа дейін баласын ақылы түрде емдетіп келген ана, Ақмарал ауруханасынан «Нұрсат» ауруханасына парталмен барғанымен орын жоқ деп ақылы бөлімге жатқызғанын айтты. Осы мәселені қолға алуды өтінген тұрғынның өтінішін Шолпан Бегалиева өз бақылауына алатын болды.

Қабылдауға келген бір қатар азаматтар Шорнақ ауыл округі мектептерінің медицина қызметкерлері. Олар айлықтарының 25-30% көтерілмей жатқандығын айтты. Шолпан Маратқызы бақылауға алып, қарастыратынын жеткізді. Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің басшысы Нариман Қасымбеков бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды қабылдады. Жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзарту, жер учаскесін заңдастыру мәселелері бойынша азаматтардың мәселесін тыңдаған Нариман Мұханбекұлы халықтық кеңсеге келіп, мәселелерін заң жүзінде қарауға кеңес берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы