ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІ ӨСУДЕ

4  341 көрілім

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Президент Назарбаев» қызғалдақтарының алғашқы гүл шоқтары ардагерлерге табысталды. Білім ордасының басшысы Жанар Амангелдіқызы «Президент Назарбаев» қызғалдағының ең алғашқы гүл шоқ-тарының иесі ардагер ұстаздар екендігін айтты. Гүл патшасы қызғалдақ оқу ордамыздың ғалымдарымен ботаникалық бақ оқу-өндірістік ғылыми кешенінде баптап өсірілді.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Түркістан қаласына 2020 жылы қазан айында келген іс-сапары кезінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ғалымдары мен ботаникалық бақ оқу-өндірістік ғылыми кешеннің потенциалын пайдалана отырып, 2021 жылы Түркістан қаласында өтетін Түркі тілдес мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне «Президент Назарбаев» қызғалдағын өсіруді ұсынған еді.

Міне, осындай ұсыныстан кейін университет басшылығы білім ордасының ғалымдарымен ақылдаса отырып, ғылыми зерттеу тобын құрып оған жетекші етіп, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Амангелді Апушевті тағайындаған болатын. Бүгінгі таңда осы саяси және мәдени маңызы зор қызғалдақтың 3000 пиязшығы университеттің ботаникалық бағы аумағына отырғызылған. Бүгінде қызыл кілемше жайқалып өскен «Президент Назарбаев» қызғалдағы көздің жауын алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы