ҚАЗАҚСТАН – ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ОТАНЫ ФОТОКӨРМЕСІ ӨТТІ

1  909 көрілім

Түркістан қаласында «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қызғалдақтар фотокөрмесі ұйымдастырылды. Көрме мақсаты – туған жер табиғатына ұқыпты қарауды насихаттау, экологиялық мәдениетті дамыту және құқық бұзушылықтың алдын алу. Осы шара аясында табиғи парк биылғы «Парктер шеруі-2021» экологиялық акциясын да ашты. Аталған акция барысында су айдындарын тазалау, тораңғы ағашын, қызғалдақ гүлін, жабайы аңдарды қорғау секілді шаралар өткізіледі.
Шарада қала тұрғындары мен қонақтары желілерде өнері кеңінен танымал болған саяхатшы-суретшілердің 40-тан астам туындылары тамашаланды. Бүгінде адамдар табиғатқа шыққанда қызғалдақтарды құшақ-құшақ етіп жұлуына байланысты лалагүлдерде жойылып кетуі қауіпі төніп отыр. Елді-мекендердің өсуі, жер жырту жұмыстары мен жайылымдардың үлкеюуі де кері әсерін тигізуде. Тарихшылардың айтуынша Қазақстан қызғалдақтардың отаны болып табылады. Бұл керемет гүлдер Ұлы Жібек жолы арқылы Түркияға, Голландияға жеткен. Ғылымдар гүл атауын парсы toliban (шығыс халқының бас киімі) сөзінен шыққан деп пайымдайды.
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ туризм менеджері Қ.Қарибаевтың айтуынша қазіргі таңда Қазақстан аумағында қызғалдақтың 34-тен астам түрі өссе, оның 18 түрі Қазақстанның қызыл кітабына енген. Бұлардың ішінен Грейт, Борщов, Берікқара (Кауфман), Түркістан, Леман, Бузе, тағы басқалары танымал екен. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 339 бабында қызғалдақтарды заңсыз жұлу 3000 АЕК (8751000 теңге) айыппұл немесе қоғамдық, түзету жұмыстарына тарту, тіпті бас бостандықтан айыру қарастырылғанын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы