«ТҮРКІСТАН – ЫСТАМБҰЛ» БАҒЫТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҰШАҚ ӘУЕГЕ КӨТЕРІЛДІ

2  437 көрілім

Өткен жылдың қыркүйек айында Елбасы тұсауын кескен Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайы отандық «FlyArystan» лоукостерінің қолдауымен  әлемдік мегаполис Ыстамбұл қаласына өзінің алғашқы рейсін аттандырды. Тарихи қалаларды байланыстыратын тұрақты рейстер аптаның сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері іске асады.

Алғашқы Түркістан-Ыстамбұл-Түркістан рейсінің құрметіне орай, Әзірет Сұлтан әуежайында ҚР ИИДМ ААК төрағасы Ластаев Талғат Тілеубекұлы, Түркістан облысы әкімінің  орынбасары  Сәкен Қалқаманов,«FlyArystan» әуекомпаниясының басқарушы директоры Адриан Хамильтон-Мансс пен Халықаралық әуежайдың атқарушы директоры Хасенов Марат Жумажанұлының қатысуларымен арнайы брифинг өтті.
«Бүгінгі таңда Түркістан әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау шаһарларына сапарлар орындалып жүрсе, үстіміздегі жылдың 2 тоқсанынан бастап рухани орталық еліміздің 10 облысымен аптасына 53 рет байланысатын болады. Оған қоса Новосибирск, Бишкек және Ташкентке де тікелей рейстер орындалады», – деп атап өтті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігіне тиесілі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Түркі әлемінің бесігі саналатын Түркістан Қазақстан мен Түркия мемлекеті арасындағы рухани байланысты  жетілдіретіні сөзсіз. Жолаушылардың көпшілігі рейс бағасының тиімділігіне қуанғанын айтты. Билет құны 39 999 теңгеден басталады. Түркістан – Ыстамбұл алғашқы рейсіне 176 билет сатылған (98%). Алдағы уақытта Түркістан-Ыстамбұл-Түркістан бағытындағы рейстер саны үштен беске дейін артатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы