ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ,30 ОҚУШЫҒА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ СЫЙҒА БЕРІЛДІ

1  824 көрілім

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК Түркістан қаласында орналасқан Тілінде ауыр кемістігі бар облыстық мектеп-интернатында «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты мәдени іс-шара өткізді. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған шарада «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков балаларды келе жатқан Наурыз меркесімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Жиын барысында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, 30 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары сыйға берілді.ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың бастамасымен наурыз айы – «Мәдениет айы» болып жарияланғаны белгілі. Осы мақсатта білім ұясына ұлттық киіммен барған қорық-музей қызметкерлері әз Наурыз бен ұлтымыздың салт-дәстүрі, ою-өрнектері жайлы да әңгімелеп берді. Мерекелік кездесу өнерлі оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы