«КӨГІЛДІР ОТЫН МӘСЕЛЕСІНДЕ ҰҚЫПТЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ҚАЖЕТ»

2  103 көрілім

Түркістандағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Дәулет Тәңірбергенов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Асқар Сейсенов басшылығында жеке құрам сапқа тұрып кезекті тапсырманы алды.

Яғни, олар 16 секторға бөлінген қала көшелері мен үйлерді аралап, қауіпсіздік шараларын түсіндіретін болады. Әрбір үй қандай пеш, көмір немесе табиғи газбен жылытылатыны, үйде қанша тұрғын тұратыны, балалар, егер болса мүгедектер тізімге алынады. Барлық мәліметтер орталық жүйеге топтастырылады. Бұл туралы Д.Тәңірбергенов төмендегіше баяндады.

Түркістан қаласында 180 мың тұрғын тұрады. Жақында орын алған қайғылы жағдай – табиғи газдан бір отбасының уланып, өмірден көз жұмғаны қайталанбауы үшін түсіндіру, зерттеу жұмыстары жалғасуда. Тұрғындарға тағы бір рет ескертіп айтатынымыз – үйдегі пешті табиғи газ жүйесіне ауыстырған кезде міндетті түрде лицензиясы бар мекемелер мамандары тарапынан барлық сақтық шараларын сақтаған түрде болуын қадағалауын сұраймыз. Табиғи газ көмір емес, өзінің ерекшеліктері бар. Тек сақтық, ұқыптылық, бақылау қажет. Сондай-ақ, үйдегі электр желілері жарамдылығын тексеріп ұялы телефон, смартфондарды түнде бақылаусыз қуаттауға тыйым салынады. Ескерту-профилактикалық шаралары кезінде біздің қызметкерлерімізді тұрғындар үйге кіргізіп, тексеру жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау арқылы көмек көрсетулерін сұраймыз.

Ш.МАДАЛИЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы