«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

2  279 көрілім

Түркітілдес халықтардың кітапханасында «Парасат жолы» орталығының ашылуы болып өтті.

Атаулы жиынға филология ғылымдарының докторы, түрколог, ғалым Құлбек Ергөбек, әнші-композитор, «ҚР Мәдениет қайраткері» Сауранбек Еркінбекұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаевтар, сонымен қатар кітапхана ұжымы, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шара барысында жемқорлыққа жол бермеуді жастардың санасына ұялатудың маңыздылығы, осы бір тәлімнің кітап оқу арқылы жүзеге асатыны жайлы ойлар тілге тиек болды. Бір адам емес барша болып жұдырықтай жұмылып, қоғам індетіне айналған осы бір жаман әдеттен бойымызды аулаққа салудың ел болашағына оң әсері туралы жақсы пікірлер айтылды.

Айта кетейік, «Парасат жолы» орталығы «Адалдық алаңы» жобасы және республиканың барлық кітапханаларында «Парасат жолы» өңірлік орталықтарының аясында ашылып отыр. Акцияның бастамашылары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі болып табылады. Атаулы орталық алдағы уақытта талай жастың санасына сілкініс жасауға және оқырман қауымның таным-түйсігіне ізгі ой қалдыруға, сондай-ақ бармақ басты, көз қысты әрекеттерден алшақ болып, ізгілікті істердің ізін жалғастыруға едәуір ықпалын тигізеді деп күтілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы