СУ АРНАЛАРЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

440 көрілім

Шаhар басшысы Рашид Аюпов Б. Саттарханов даңғылы бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ аумағындағы канал арнасын аралады. 
Ғимараттарды шығыстық келбетке сай ету – халықаралық деңгейдегі қала болуды мақсат еткен рухани шаhар үшін маңызы зор екенін айтқан Рашид Абатұлы кәсіпкерлерді жұдырықтай жұмылып, қаланы бірге көркейтуге шақырды. Мақсат – тек нысан келбетін ғана емес, тұрғындарға ыңғайлы қызмет көрсету екендігін де айтып өтті. Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустардың болуы, реңі кеткен аумақты сырлау, бояу, жарықшам орнату және ағаштар егіп, қоқыстан тазарту. Аталған Б. Саттарханов даңғылында 40-тан аса кәсіпкерлік нысан бар. Жалпы, рухани-мәдени аумақтағы нысандарды бір стильге келтіру үшін және жаңа кәсіп ашу мақсатында нысан салу үшін “Сәулет және қала құрылысы бөліміне” барып, жоба эскизімен танысуға болады. 
Сондай-ақ, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ аумағындағы каналды аралап, ішіндегі қоқысты тазалауды және тұрғындар мен көліктердің кедергісіз өтуі үшін қойылған дарбаза үнемі ашық болуын ескертті. Сонымен қатар, бұл аумақта да тазалық жұмыстары үнемі жүргізілу керектігі айтылды.

Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары