СОҒЫС ЕРТЕ ЕСЕЙТКЕН

154 көрілім

Күні кешеге дейін көп адам үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының «отқа оранған он жылы» тарих қойнауының парақтарында қара таңба болып қала береді. Қаншама азамат өзге елде жан тапсырса, қаншамасы жарақатпен оралды. Қолдағы қаруды тастап, соғыс даласынан елге аман-есен оралған ардагер Фаттахов Ринат Аксанұлы өзінің соғыстағы жылдарын есіне алды.

Фаттахов Ринат Аксанұлы 1967 жылдың шілдесінде Түркістан қаласында дүниеге келген. Отбасында 4 ұл-қыз тәрбиеленген. Ринат Аксанұлы 1984 жылы Некрасов атындағы орта мектепті бітіріп, 1985 жылы әскер қатарына шақырылады. Әскерден келген соң, Кентау қаласындағы Тау-Кен техникумында геолог мамандығы бойынша білімін жетілдіріп, қызмет істеген.

– 1980 жылдары әскер қатарына алынған азаматтардың барлығына Ауғанстан өзінің белгісін қалдырды. 20 жасқа енді толған шағымызда өлімге тіке қарау біздер үшін қиын болды. Бәлкім бұны бастан кешірмегендер бізді түсінуі тіптен қиын да шығар. Қазіргі таңда Ауған туралы түс көрмеймін. Бұл өткенді ұмыттым деген сөз емес. Менің сол кездегі кешкен қиын күндерім енді тек өлең жолдарында. Шаршағанымды басу үшін кейде қолыма гитарамды алып, солдат жүрегінен шыққан әндерімді орындаймын. Осы әндер шалғайда қалған отбасымызды, шабуылдан оралмаған достарымызды еске түсіреді:

За то, чтоб кто-то нес в руках цветы,

В своих руках мы держим автоматы.

Не для войны рождаются солдаты,

А для того, чтоб не было войны.

Елімізде тыныштық болсын, бейбітшілік заманында өмір сүру қандай бақыт екенін айтсаңшы.

Ринат Аксанұлы Ауған жеріндегі қызметі үшін «70 лет Вооруженных Сил СССР», «От благодарного Афганского народа», « Воину – интернационалисту», «15 лет вывода советских воиск из ДРА», «Ветерану войны в Афганстане 1979-1989 гг.» секілді мерекелік медальдармен марапатталған. Бүгінде жұбайымен екі бала тәрбиелеп отыр.

М.КЕНЖЕТАЙҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары