АРДАГЕРЛЕР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

592 көрілім

Жан түршігер Ауған соғысының қаһары әлі күнге дейін талай адамның жүрегінен өшпеген. Жарияланбаған соғыс – Қазақстан үшін өте қайғылы жағдайдың бірі. Биыл 10 жылға созылған сұрапыл соғыстың аяқталғанына 32 жыл толды. Осыған орай, «Жеңіс» саябағында соғыста құрбан болып елге оралмаған, қыршыннан қиылған боздақтарды еске алу мақсатында іс-шара өтіп, гүл шоқтары қойылды.

Шарада ауған соғысында қаза тапқандар мен қайтыс болған қандастарымызды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиында қала әкімі аппаратының басшысы Жәнібек Наушабай мен қалалық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Тұрғанбай Бегимов сөз сөйледі.

Соғыс көрген азаматтардың арада 32 жыл өтсе де сол кезде болған отты жылдары көз алдында кешегі күндей сайрап тұр. Ол еш уақытта ұмытылмайтыны хақ. Түркістан қаласында 250-ге жуық жерлесіміз соғысқа қатысып, 10 жерлесіміз ерлікпен қаза тауып, 1-еуі хабарсыз жоғалып кеткен. Алайда араға 29 жыл салып, оның да мүрдесін тауып туған жер төсіне қайта жерледі.

Иә, соғыс кім-кімге болсын оңай тимесі анық. Соғысты көзімен көрген әрбір ардагер ағаларымыз ондай күнді ұрпағының басына бермесе екен дейді. Бейбітшілік заман болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай.

М. ХАЛИЛАЕВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы