ШӘКІРТАҚЫ МӨЛШЕРІ ТЕҢЕСТІРІЛСЕ ЕКЕН

82 көрілім

Менің немерем Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде грант негізінде медицина мамандығы бойынша жоғары білім алып, ай сайын 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде шәкіртақы алады. Аталмыш университетте педагог мамандығы бойынша оқып жүрген студенттерге айына 50 000 (елу мың) теңге шәкіртақы төленіп отыр. Осы жерде заңды сұрақ туындап тұр. Неге осы екі мамандық арасында студенттерге берілетін шәкіртақыда айырмашылық бар. Жалпы қоғамдағы ахуалды ескеріп, осы екі мамандыққа берілетін шәкіртақы мөлшері теңестірілсе деген ұсыныс-тілегім бар.

Абиддин Пахриддинов,

Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылы

ақсақалдар алқасының төрағасы,

Түркістан қаласының Құрметті азаматы.

Оқырманымыздың сұрағы бойынша Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім алушыларға қызмет көрсету орталығының басшысы Д.Джаякбаевадан тиісінше жауап алдық.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақыларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 Қаулысына сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақыларды тағайындау, төлеу қағидалары, ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақының мөлшерлері төмендегіше бекітіледі:

1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге – 42000 (қырық екі мың) теңге; университеттің орналасқан аймағына сәйкес тиісті мемлекеттік шәкіртақы мөлшеріне 20% экологиялық үстеме 8400 (сегіз мың төрт жүз) теңге қосыла отырып тағайындалады; жалпы ай сайынғы шәкіртақы сомасы бір білім алушыға 50400 теңгені құрайды.

2. Даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 26186 (жиырма алты мың бір жүз сексен алты) теңге; университеттің орналасқан аймағына сәйкес тиісті мемлекеттік шәкіртақы мөлшеріне 20% экологиялық үстеме 5237 (бес мың екі жүз отыз жеті) теңге қосыла отырып тағайындалады; жалпы ай сайынғы шәкіртақы сомасы бір білім алушыға 31423 теңгені құрайды.

Райымжан ӘЛІБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары