ЕРСҰЛТАННЫҢ ЕНШІСІНДЕ КҮМІС МЕДАЛЬ

2  817 көрілім

Жуырда Ақтөбе қаласында бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты мәреге жетіп, түркістандық Ерсұлтан Төлеген күміс медальді қанжығасына байлады. 14 салмақ дәрежесінде 250-ден астам жас былғары қолғап шеберлері қатысқан ел біріншілігінде Түркістан облысының намысын 19 спортшы қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтсақ, 60 келі салмақта түркістандық Бахтияр Анарбаев 57 келі салмақта чемпион атанса, болашағынан зор үміт күттіретін Ерсұлтан Маратұлы 2-ші орынды қанағат тұтты. Осылайша Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің түлегі Ерсұлтан Төлеген ұлттық құрамаға шақырылып Азия ойындарына жолдама алу үшін өтетін іріктеу турниріне жолдама алды.

-Бокспен айналысып жүргеніне 6 жыл болды. Осы уақытқа дейін қалалық, облыстық жарыстарда бірнеше рет жеңіс тұғырынан көрінсе, 2019 жылы өз салмағында ел чемпионы атанды. Соңғы жарыстан жақсы нәтижеге қол жеткізіп, жақсы көңіл-күймен келесі жарыстарға тыңғылықты дайындықты бастап жібердік. Мақсатымыз – Азия ойындарына жолдама алу»,- дейді Ерсұлтанның әрі әкесі, әрі бапкері Марат Әбдиев.

Райымжан ӘЛІБАЕВ,

“Түркістан”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы