ЖЕКПЕ-ЖЕК ШЕБЕРІ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

2  739 көрілім

«Алаш Прайд» Түркістан облысы филиалының президенті Мұрат Аханов «Түркістан», «Туркистон» газеттерінің редакциясына арнайы атбасын бұрды. Өзара сұхбат барысында Мұрат Түймебайұлы алдағы жұмыс жоспарымен бөлісіп, кешегі аптадан жаңа Түркістан облысының орталығы киелі шаһарға қазақтың батыр ұлы, еліміздің көк туын әлемдік деңгейлердегі дүбірлі додаларда жоғары көтеріп жүрген Арман Оспанов болашақ чемпиондармен жүздескенін тілге алды. Жастармен кездесу барысында аралас жекпе-жектің шебері, жауынгерлік самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы, қазақтың «сұңқары» атанған Арман Оспанов жүректі бабаларымыздың білекті ұрпағы болып жас буынды намысты, жүректі қайсар етіп тәрбиелеу біздің азаматтық борышымыз екенін атап өтті.
«Алаш Прайд жекпе-жек спорт түрі бүгінде әлем бойынша жоғары қарқынмен дамуда. Түркістан облысының филиалы 2018 жылы құрылды. Осы уақытқа дейін Халықаралық 3 ірі жарыста Түркістанда өткіздік. Балуандарымыздың шеберін байқадық. Бүгінде осы спорт түріне қызығушылық танытқан жастардың қатары артып отырғаны қуантады. Карантин кесірінен жоспардағы жарыстарымыз кейінге қалды. Құдай бұйыртса алдағы уақытта барлығы өз орнына түседі»,- дейді Мұрат Түймебайұлы.

Райымжан ӘЛІБАЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы