ДЕПУТАТТАР ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ

778 көрілім

Сайлауда өзгелерден дара шауып, халықтың сеніміне ие болған депутаттар өздеріне жүктелген жұмысын бастап, міндеттеріне кірісті. Халық қалаулылары «NUR OTAN» партиясының ұйымдастыруымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауда барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, қала тұрғындарының түрлі мәселелері қаралды. Атап айтар болсақ, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Жансерік Жұман мен «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Темірбаев жәрдемақы ала алмай жүрген, әлеуметтік жағдайы төмен, үйі жоқ және үй кезегіне байланысты кеңес сұраған қала тұрғындарының мәселелерін тыңдап, оң шешімін табуға атсалысатындарын айтты.

Бұдан бөлек, осы апта ішінде халық қалаулылары Дәурен Тәңірбергенов пен Ғалымжан Худияров қала тұрғындарын қабылдау барысында жер және үй кезегінде тұрған азаматтар, жарықтың сөнуі мен жол мәселері бойынша қабылдау өткізді. Өз кезегінде аталған депутаттар мәселелердің бір қатарын сол жерде шешіп берсе, қалған мәселе бойынша тиісті салалармен жұмыс жүргізетінін жеткізді.

Сол секілді Түркістан қалалық мәслихат депутаты Жамила Сүлейменова мен «Халықаралық медиаторлар орталығы» Республикалық коғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы Еркебұлан Алжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда көп балалы жалғызбасты ананың жәрдемақы бойынша сұраған көмегін қанағаттандырды.

Халық қалаулылары қала тұрғындарының мұң-мұқтажына құлақ түріп, қай-қайсысында жәй қалдырған жоқ. Әр істің өз шешімін табу үшін тиісті мамандарды жұмылдырып, мәселенің тез шешілуін қадағалауды баса айтты.

Сондай-ақ, осы аптада «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев Түркістан облысында түрлі салада қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарды «Nur Otan» партиясының атынан алғыс хатымен марапаттады. Тоныкөк бабамыздың «Күші толып кемеліне келмесе ел, күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмес ел» деген қанатты сөзі бар. Осы ұстанымды ту етіп, ел мүддесін биік ұстап, Отанға деген адал қызметімен дараланған азаматтарға Түркістан өңіріне сіңірген еңбегі үшін «Nur Otan» партиясы атынан алғыс білдірді. Алғыс хатты «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Темірбаев табыстады. Ол құттықтау сөзінде отаншыл, еңбекқор, ұстанымына берік азаматтарды жоғары бағалап, отбасыларына амандық, ел мүддесі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі. Ол қаламыздың еңсесін көтеріп, іргесін бекіте түсуіне үлес қосып келе жатқан азаматтардың еңбегі елеусіз қалмайтынын айтып, алдағы уақытта да белсенділік танытатынына сенім білдірді. Жиын соңында марапатталған азаматтарға сөз ұсынылып, естелік суреттерге түсті.

Әнуарбек ИСАБЕКОВ,

«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының консультанты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы