АЯУЛЫ АНА ӨМІРДЕН ӨТТІ

426 көрілім

Құрбаш Сәрсенбайқызы 1942 жылы 10 тамызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Еңбек жолында 30 жылдан астам ұстаздық қызметте жемісті жұмыс атқарған. Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері. Ұстазды парасат пен пайымды, ақыл мен білімді, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытушы тұлға деп білеміз. Осы тұрғыда Құрбаш Сәрсенбайқызының еңбегі ерен еді.
Құрбаш Сәрсенбайқызы ұстаздық жолында қаншама шәкірт тәрбиелеп, олардың өмір жолына қанаттануына өз септігін тигізді. Көпшілікке іскер, білікті, биік парасат пен абзал адамгершіліктің үлгісі болды. Отбасында өмірлік жолдасы Мырзан Ханділлаұлы мен 6 ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде барлығы өмірде өз орындарын тапқан жандар. Адамдық қасиеті мол апамыздың бейнесі түркістандықтардың жүрегінде ұзақ сақталатын болады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

Ханділлаевтар әулиеті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы