БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

186 көрілім

Балалар құқығын қорғау – маңызды мәселе. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені үнемі назарда ұстап, заман талабына сай заң да жетілдіріліп тұруы керек екенін айтып келеді.
Қыркүйек айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да бұл мәселеге ерекше тоқталып өткен болатын. Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғаудың маңыздылығын айта келе, осы бойынша жаңа шаралар қабылдау керек екенін тапсырды. Әсіресе, танып-білуге құштар жастар жағы түрлі әлеуметтік желілер арқылы таралатын жалған ақпараттардан жиі зардап шегетінін айта келе, ондай олқылықтарға жол бермеу керектігін ескертті. «Бүкіл әлем сияқты, Қазақстан да интернеттің қызметіне жиі жүгініп жүр. Әрине, бүгінгідей технология заманында онсыз өмір сүру мүмкін емес шығар, бірақ әр нәрсенің қолдану тәртібі, өзіндік шеңбері болуы керек. Ең негізгі нәрсе, одан ақыл-есі әлі жетіле қоймаған балалар зардап шекпеуі керек. Біз соны қадағалауымыз керек» деді Президент.
Бұл мәселе бүгінгі Үкіметтің бірлескен отырысында да назардан тыс қалмады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз балалардың құқықтарын қорғауға байланысты ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз, балалар арасындағы суицид пен бұзақылықтың алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіңіз» деп Үкіметті осы проблемамен күрестің тиімді тетіктерін қарастыруға шақырды.
Жалпы, бұл мәселе ата-аналарды да бей-жай қалдырмау керек. Бірінші кезекте балаларының амандығы үшін ата-аналар жауап береді. Баланың отбасында жақсы тәрбие алуына ең алдымен жауапты да ата-ана екенін ұмытпайық. Өз басым Президентіміздің азаматтарды, оның ішінде жас балалардың құқығын қорғауды күшейту туралы бастамасын бірауыздан қолдаймын.

Бораш МЫРЗАЛИЕВ,
Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары