АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ-НАҚТЫ ҚАДАМ

175 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҮІІ шақырылымдағы Парламент сессиясында сөйлеген сөзінде елімізде көппартиялықты дамытуға және парламентаризмді нығайтуға едәуір серпін берілгенін айта келе, алдағы тағы бір маңызды қадамға тоқталды. Бұл қадам – ауыл әкімдерін сайлау. Мұндай ұсынысты жұртшылықтың қолдайтыны сөзсіз. Себебі бұл халықтың жергілікті  билік органдарының жұмысын бақылауына нақты мүмкіндік беретін мемлекеттік басқару жүйесіндегі сапалы өзгерісті көрсетеді. Шын мәнінде, бұл біздің мемлекетіміздің демократияландыру және саяси жүйесін жетілдіру жолындағы жаңа қадам. Қазақстан халқы бұған дайын. Сауалнамалар көрсеткендей, адамдар селекторлық ауыл әкімдерін енгізуді қолдайды. Бұл жағдайда адамдар өз елді мекендерін дамытудың басымдықтарын дербес анықтауға, бар проблемаларды шешуге мүмкіндік алады. Оған қол жеткізу үшін ауылдың өмірін сапалы түрде жақсарта алатын кандидатты сайлау қажет. Ал, әкім өзін сайлағандар алдында үлкен жауапкершілікті сезініп, сенім үдесінен шығу жолында белсенді жұмыс істейтін болады.
   Президент алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшу жоспарымен де бөлісті. «Саяси жүйені орнықтырып, шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың ықпал етуін күшейте түсу үшін тың серпін қажет» деді Мемлекет басшысы.

Бектай ОРМАНОВ,
Түркістан облысы «Талдау және болжау орталығы»
 қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары