Елімізде коронавирустың екінші толқыны басталғаны белгілі. Түркістан облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша қалыпты деген «жасыл» аймақта тұр. Қауіпті инфекцияның таралуы өршіген жағдайда өңірдегі емдеу мекемелеріндегі инфекциялық төсек-орындар санын 6 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Жалпы, облыс бойынша бүгінгі таңда мыңға жуық инфекциялық және карантиндік төсек-орын дайын.
Соңғы бір тәулік ішінде облыс аумағында коронавирус инфекциясына шалдыққан 16 адам тіркелді. Өсу тәулігіне 0,42% құрайды. Жалпы Түркістан облысында 113 емделуші, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби, Созақ, Түлкібас, Жетісай аудандарының тұрғындары ем қабылдап жатыр. Ауыр жағдайда жатқан науқастар жоқ. Басым бөлігі COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Елдегі пандемия басталғалы өңірде 3816 жағдай тіркеліп отыр. Оның ішінде 2372 симптомсыз жағдай, 1642-сі стационарлық.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.