ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 320 МАНДАТ БЕРІЛДІ

126 көрілім

  Сайлау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттығына 320 мандат беріліп отыр. Ол 320 мандаттың 45-і облыстық мәслихатқа бөлінген. Ал, қалалық мәслихатқа – 47, аудандық мәслихатқа – 228 кандидат барады. Саяси партиялар арасында «Қазақстан Халық» партиясына – 1, «Nur Otan» партиясына – 263, «Ауыл» партиясына – 32,  «Ақ жол» партиясына – 24 мандат бөлінді. Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев арнайы брифингте мәлімдеді.

   «13 қаңтар күні – дауыс беру қорытындысымен мандатқа ие болған саяси партиялар – депутаттыққа кандидаттардың тізімдерін облыстық сайлау комиссиясына ұсынады. Ал 14 қаңтарда – саяси партиялардың ұсынған тізімдерін комиссияның отырысында тіркеу жөнінде хаттамалық шешім қабылданады. 15 қаңтар күні сағат 10:00-де облыстық мәслихаттың 7-шақырылымындағы алғашқы бірінші сессиясы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының басқаруымен ашылатын болады. Сондай-ақ, жаңадан сайланған мәслихат депутаттары таныстырылып, оларға депутаттық куәліктер мен төсбелгілер табыс етіледі», – деді Әлібек Қаденұлы. 

    Айта кетерлігі, Түркістан облысында 911 сайлау учаскесі ашылып, онда 1 млн 160 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Жалпы 763 454 азамат өз таңдауларын жасаған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары