700 ЖҰМЫССЫЗ ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

385 көрілім

Жастар – мемлекеттің болашағы. Ертеңгі елдің тірегі. Біздің мемлекетімізде жастарға үлкен көңіл бөлініп, барлық жағдай жасалып отыр. Мемлекет басшысы 2019 жылды Жастар жылы деп белгілеуі тектен-тек емес. Сонымен қатар жастар үшін әр салада арнайы бағдарламалар қабылданған. Таяуда аудан жастарымен кездесу өткізген «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар осы мәселелерге арнайы тоқталды.
Шардара ауданында 19,1 мыңнан астам жастар бар.
«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайды.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
– «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 50 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін жағдай (тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы беру) жасайды;
– аудандағы шаруа қожалықтары мен ұйымдармен меморандумдар жасау арқылы 700 жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі;
– «Жас кәсіпкер» жастар бизнес-бастамаларының бағдарламасын іске асыруға және жыл сайын кемінде 50 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына жәрдемдеседі;
– барлық ауылдық округтерде волонтерлік клуб құру арқылы волонтерлік қозғалысты дамытуды көтермелейді.
Нәтижесінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 50 жас маман ауылға орналасып, аудандағы шаруа қожалықтары және кәсіпорындармен меморандум жасасқан 700-дей жұмыссыз жастар 2025 жылға дейін жұмыспен қамтылады.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы