УНИВЕРСИТЕТ КЛИНИКАСЫ ІНДЕТПЕН КҮРЕСУДЕ ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТТІ

498 көрілім

Әлемде коронавирус дертіне байланысты пандемия жарияланғалы да бір жылға жуық уақыт өтті. Бүкіл әлемге қатар төнген қауіп біздің елімізді де айналып өтпеді. Қазіргі уақытта аты жаман дерттің екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Сол мақсатта Ахмет Ясауи университеті клиника-диагностикалық орталығына Өкілетті Кеңес Төрағасы Профессор, Доктор Мухиттин Шимшектің қолдауымен Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен шамамен құны кәзіргі күнге дейін 1 000 000 АҚШ  доллары тұратын маңызды медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер көмек ретінде жіберілді.    

Клиникаға келген заттар қатарында 10 жасанды тыныс алу аппараты (ИВЛ), желдеткіштер, инфузиялық помпалар, EKG, Ritim Holter, Aspiratör, Koter, Spirometri, феталды мониторингтер, дәрі-дәрмектер, медициналық арнайы киімдер бар.

Клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман Ажар Covid-19-ға байланысты науқастар болмасын деген ниет-тілекпен бүкіл Түркістан халқын  Covid-19 пандемиясымен күресуде әлеуметтік қашықтықты сақтауға, бетперде тағып, тазалық ережелерін мұқият ұстануға шақырды.

– Қысқа мерзім  ішінде екінші рет қолдау көрсеткен Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне, осы көмектің жасалуына үлес қосқан Өкілетті Кеңес Төрағасы Мухиттин Шимшекке алғысымды білдіремін. Сондай-ақ осы көмектің клиникамызға жеткізілуіне атсалысқан университет ректоры Профессор, Доктор Болатбек Серікбайұлы Абдрасиловке, Ректор өкілі) Профессор, Доктор Женгиз Томарға, вице-президент Доцент, Доктор Пусат Пилтенге және университетіміздің басқа да қызметкерлеріне  алғысымды  айтамын,- деді Осман Ажар.
Қазіргі жағдайға байланысты, Өкілетті кеңес пен университетет басшылығы клиниканы халықаралық талаптарға сәйкестендіру үшін кешенді жүмыстар атқаруда.

Түркістан-ақпарат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы