“ҮЗДІК ONLINE MEKTEP – 2020” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

562 көрілім

Жақында Bilimland.kz жүйесінің OnlineMektep платформасы OnlineMektep.org порталында қашықтан оқытудың деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырған “Үздік Online Mektep – 2020” байқауының нәтижесі шығарылып, қаламыздағы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің ұжымы Түркістан облысы бойынша жеңімпаз атанды.
Байқаудың талаптары бойынша, OnlineMektep.org платформасында мектептің толық сабақ кестесі (бекітілген пән мұғалімдерімен бірге), сабақ пен үй тапсырмасына баға қойылған журнал, оқушылар мен ұстаздардың ағымдағы (аккаунттар) тізімі болуы керек. Сонымен қатар, фейсбук әлеуметтік желісінде байқауға қатысу туралы жазба жариялануы қажет болатын. Платформаны ұстаздар мен оқушылардың тиімді және белсенді пайдалануы ұжымға жүйелі жұмыс, сапалы біліммен қатар қомақты жүлде алып келді. Яғни мектеп ұжымы құны 1 млн теңге тұратын Bilim Book интерактивті панеліне ие болды.
Ендеше, жүлдеге ие болған Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп ұжымын жетістіктерімен құттықтаймыз.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары