ӨНЕРЛІ ЖАСТАР АТЫРАУДА БАҚ СЫНАМАҚ

1  059 көрілім

Қаламыздағы №24 жалпы орта мектебінің шығармашыл жастары «Театр – ғажайып әлемі» атты өнер байқауында бас жүлде иемденгенін жария еткен болатынбыз.

Облыс оқушылары арасында өткен сайыста аталмыш оқу ордасының 9,10,11 сынып оқушылары шеберліктері мен жан-жақтылығының нәтижесінде байқау шыңының ең биігінен көрінді. Қазылар алқасы топта ерекше өнерімен көрінген Динара Жарылқасынға «Ең үздік актриса» номинациясын ұсынды. «Еңлік-Кебек» пьесасынан үзінді ретінде қойылған сахналық көрініс көрерменді тәнті етіп, ілтипатқа бөледі.

Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғалымбек Тілеулиев пен музыкалық жетекші Мақсұт Жұмабеков жас өнерпаздарды дайындап, шыңдап, алдағы Атырау қаласында өтетін республикалық деңгейдегі жарысқа дайындықты бастап та кеткен. 2018 жылдан бері бастау алған өнер байқауы енді тұрақты түрде өтіп тұрмақ. Айта кетерлігі, №24 мектеп оқушылары өткен жылы да дәл осы өнер сайысының бас жүлдесін алған. Сонымен бірге, өзге де қалалық, облыстық тіпті республикалық деңгейде түрлі бағыттағы сайыстарда жүлде алып жүргенін атап өтпеске болмас.

Ендеше, шаһардың абыройын асқақтатып, мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген дарынды жастарға сәттілік серік болсын дейміз!

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы