ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

643 көрілім

Газетіміздің өткен санында «Жаңа баспананы жалға беру – ардың ісі емес» деген тақырыппен жұмысшы топтың рейдтік шарасы бастау алғанын жазған болатынбыз. Сол бастама өткен сенбіде өз жалғасын тапты. Түркістан қаласы әкімінің өкімімен және тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй қатынастары бөлімі бастамасымен атқарылып жатқан жұмыстарға қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы, «ОҚО үйлерді басқару» (КСК), жергілікті БАҚ өкілдері және басқа да сала мамандары жұмысшы топтың құрамына енген.

Әдеттегідей көпқабатты коммуналдық пәтерлерде заңсыз және мекен-жай тіркелімінсіз тұрып жатқан және құйылмалы газ баллон пайдаланушылар, коммуналдық пәтерлердің жалдау ақысын уақытылы төлеу, өртке қарсы және техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтау, терезе, балкондарда темір торларды дұрыс орнату бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аралау барысында, тұрғындарға ескертпе қағаздар мен төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан жадынамалар таратылды. Мамандардың айтуынша, егерде жалға беру фактісі орын алса ескерту беріліп, мемлекет меншігіндегі үйді қайтару үшін тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй қатынастары бөлімі тарапынан сотқа келісім-шартты бұзу бойынша талап-арыз жолданады. Рейд аясында пәтерінде заңсыз және мекен-жай тіркелімінсіз азаматтар ұстап отырғаны үшін және пәтерде газ баллонын пайдаланған азаматтар белгілі болып, ескерту берілді. Заңсыздықтың алдын алу мақсатында аталған жұмыстар апта сайын жүйелі түрде жалғаса беретін болады.

Қала тұрғындарына газ баллондарын қолдану қауіпін ескеруді және өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласуға болатынын еске саламыз. Ал, тұрғын үйлерге байланысты заңбұзушылық фактісі орын алған жағдайда қалалық тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне (8 (72533) 4-17-40, 8-701-148-60-00) байланыс тетіктері арқылы хабарласуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы