«ТҮРКІСТАН – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ  9 АЙДА АТҚАРҒАН  ЖҰМЫСТАРЫ  БРИФИНГ БАРЫСЫНДА БАЯНДАЛДЫ 

873 көрілім

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Гүлзия Қарсыбай жобалық кеңсемен соңғы 9 айда атқарылған жұмыстарды  баспасөз мәслихатында мәлімдеді.      
                                                                              
Баспасөз жиынында 2018 жылдың 13 желтоқсанында ашылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында сыбайлас жемқорлық фактілері жиі кездесетін салаларға, соның ішінде білім, денсаулық, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру секілді салаларға мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Түркістан өңірінде қоғамдық бақылаудың күшейтілгені атап өтілді.        

 Брифингте Гүлзия Нұрғалиқызы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған тың бастамалар бүгінгі күні жобалық кеңсенің негізінде жүзеге асып жатқандығын баяндап, Агенттіктің бастамасымен киелі өңірде қолға алынған бірқатар жобалар тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендетуде айрықша басымдыққа ие екендігін тілге тиек етті.
  
  Атап айтсақ,  «Сапалы жол» жобасы аясында жыл басынан бері  14 қала/ауданға қарасты жолдардың сапасы мен қауіпсіздігіне  мониторинг жұмыстары жүргізіліп, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған 34 бұзушылық бойынша әкімдік пен мердігер мекеме басшыларына қайта қалпына келтіру бойынша ұсыныстар берілгенін және облыстық көліктік бақылау инспекцияның көшпелі бақылау бекетімен бірлесіп  ауыр жүк көліктерінің ішкі тәртібіне жүргізілген тексеру жұмыстары арқылы облыс аумағында жалпы саны 50-ден аса ауыр жүк көлігі тексеріліп, соның ішінде 12  ауыр жүк тиеген көліктердің  салмағы белгіленген мөлшерден асып кеткені үшін 1 505 749 теңге көлемінде айыппұл салынғандығын жеткізді.   
 
Сондай-ақ, облыс тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді  ашық, жедел және  сапалы алуына мүмкіндік беретін жаңа үлгідегі «сервистік әкімдіктер» Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Төлеби, Түлкібас, Келес аудандарында ашылып,  «Open Space» үлгісінде 60, Фронт кеңсе түрінде 84 мекеме тұрғындарға қолайлы қызмет түрін көрсетіп жатқандығы айтылды. 
 
Бұдан бөлек, бүгінгі күні кәсіпкерлікті сыбайлас жемқорлықтан 100% қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Түркістан өңірінде PBI (Бизнес пен инвесторларды қорғау) жобасы аясында өңірімізде 574 млрд. теңгеден аса 42 ірі кәсіптік субъекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынып, Департамент тарапынан 100% қорғауға алынғандығы БАҚ өкілдерінің назарына жеткізілді.    
       Брифинг соңында жыл басынан бері жобалық кеңсе менеджерлері дәріханалардағы бетперде мен антисептик қорғаныш құралдарының баға тұрақтылығына жалпы саны 706 мониторинг жұмыстарын жүргізілгендігі және  ағымдағы жылдың маусым-шілде айларынан бері әр күн сайын тұрақты негізде облысқа қарасты қала/аудандарда орналасқан дәріханалардағы  дәрілік заттардың шектік бағада сатылуын, сондай-ақ  шет мемлекеттерден келген гуманитарлық көмектің мемлекеттік ауруханаларға толық тасымалдануын жіті бақылауға алып келгендігі атап өтілді. 

Түркістан-ақпарат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы