МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫНЫҢ 185 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТУ ТҮРКІСТАННАН БАСТАУ АЛДЫ

81 көрілім

Ағымдағы жылы Қаратау өңірінің дара ақыны, ақын-жыраулар мектебінің негізін қалаушылардың бірі – Майлықожа Сұлтанқожаұлының туғанына 185 жыл толды.

Осыған орай, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркістан облысы әкімдігімен бірлесіп қараша айында мерейтойды кең көлемде атап өту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, кешенді жұмыстар аясында ғылыми-теориялық конференциялар ұйымдастырылып, ақындар айтысы мен термешілер байқауы өткізіледі.

Бүгін мерейтойдың алғашқы шарасы ретінде университетіміздің зерттеуші ғалымдары мен жергілікті өлкетанушыларынан құралған топ тұлғаның туған топырағына және оның өміріне қатысы бар өңірлерге, Түркістан – Отырар – Қожатоғай – Бадам – Арыс – Шымкент – Түркістан бағыттарына «Майлықожа ақынның ізімен» атты экспедициясы жолға шықты. Нәтижесінде Майлықожа бабамыздың мұрасы туралы деректі фильм түсірілмек. Экспедицияның құрамына университетіміздің зерртеуші-ғалымдары, өлкетанушылар, журналисттер, студенттер кірді.

Он бес жасынан бастап қолына домбыра алып топқа түскен ақын өзінің ғұмырында әлеуметтік маңызы терең мәселелерді көтере білген қайраткер. Майлықожа ақынның қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орнын қалыптастырған, замандас сөз зергерлері арасында озық та ойлы өлеңдерімен танылған және ел мойындаған ірі таланттардың бірі. Сондай-ақ, халық поэзиясында ежелден қалыптасқан терме, толғау жанрларын ең көп қолданған кең тынысты ақын.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.

Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», тағы басқалар), дастан- мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар.

Түркістан-ақпарат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары