ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДАН АЛДЫҢҒЫ ЛЕГТЕ

46 көрілім

Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 143 мыңға жуықтады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада екінші орында тұр. Кәсіпкерлік нысандарда 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар 224,1 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,9 %-ға артық өсімді құраған. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысы бүгінгі таңда өзге өңірлер арасында көшбасшы. 451 потенциалды жоба қаржы институттарымен қаржыландырылды. Түркістан облысы стратегия және экономикалық даму басқармасының мәліметінше, антикризистік шара ретінде кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының қол жетімділігін арттыру мақсатында бағдарлама бюджеті 35%-ға ұлғайып отыр.

Бағдарлама шеңберінде 300-ден астам кәсіпорынды қаржыландыру жоспарланған. Бизнес-ахуалды жақсарту, әкімшілік кедергілерді барынша азайту жұмыстарының нәтижесінде Түркістан облысы «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» бойынша Республикадағы өңірлер мен қалалар рейтингінде 13 сатыға жоғарылап 4 орынды иеленді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары