ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

221 көрілім

Құрметті Тасыбаев Қуаныш Есенбекұлы!
Сізді 23 қазан мерейлі 40 жасқа толған туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрек жарды жылы лебізімізді білдіреміз.
Қоңыр күзде келіп жеткен туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, әріптестер атынан шынайы көңілден шыққан ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Алғашқы еңбек жолыңызды 90 жылдық тарихы бар, шежірелі «Түркістан» газетінде бастап, талмай еңбек етіп келесіз. Қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде де жемісті қызмет атқардыңыз. Өзіңізді жігерлі де жауапты азамат ретінде танытып үлгердіңіз. Бүгінде көптеген марапаттарға ие болғаныңыз еңбегіңіздің жемісі деп білеміз.
«Түркістан» газетінде қызмет атқарған жылдар ішінде жаңа қырыңызбен көрініп келесіз. Өз ісіңізге шын берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді құрмет тұтады әрі сыйлайды. Білікті маман, ақжарқын азамат, ізденімпаз қаламгерлігіңізге тәнтіміз. «Сегіз қырлы, бір сырлы» әріптесімізге бүгінгідей ерекше ізгі-ниет, ақ тілектерімізді арнаймыз. Бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ-береке тілейміз. Әрдайым жанұяңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын, – дей отырып төмендегі шыр-шумақты арнаймыз.
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.
Дәулетпен мерейіңіз таси берсін,
Арта берсін абырой-беделіңіз!

Ізгі ниетпен:
«Түркістан», «Туркистон» газеттерінің ұжымы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары