БІЛІМ ОРДАСЫНА – 80 ЖЫЛ

586 көрілім

Қаламыздағы іргелі білім ошағы №21 бұрынғы кәсіптік училеще (қазіргі коллледж) 80 жылдық мерейлі мерекеге шығып отыр. Бұл оқу орны жастарымызды тәрбиелеуде, өмірге қанат қағып, өз ісінің білгір мамандарын түлетіп шығаруда.

Сонау Кеңес кезінде бой көтерген кәсіптік мектептен механизаторлар, әрлеушілер, тігіншілер, аспазшылар және тағы да басқа көптеген шәкірттер тәрбиеленіп, бүгінде еліміздің өркендеуіне өздерінің сүбелі үлестерін қосып келеді.

Осы оқу орынның алғашқы түлектері жерлестеріміз Социалистік Еңбек ері атанған Майшай Әбенова, «Алтын Жұлдыз» иегері Сапия апайлардың есімдері бүгінде ел есінде, тарихта қалғаны жасырын емес. Аталған білім ордасында басшылық қызметте болған Ахмет Төреқұловтей ақын шыққанын түркістандықтар жақсы біледі. Сонымен қатар, айтулы азаматтар М.Пошанов, Ә.Байқоңыров, Ж.Тұрметов, М.Мәдіходжаев, Ш.Асанов, Д.Болғанбаев, Ә.Бөкебаев тағы басқа ағаларымыз қажырлы еңбек етті. Бертін келе, ата жолын жалғастыруда аға буынның зор үлгісін көрсеткен В.Суслов, П.Досыбековтерді айтсақ, бүгінгі таңда А.Асанов, Е.Имамапиев (марқұм Е.Жұмаділлаев, М.Юлдашев) оқу орынның бүгінгі жаңа заман талабына сай озық үлгіде басқарып келеді.

Білім ордасының 80 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтап, білікті мамандар даярлауда талмай еңбек ете берулеріне тілектестігімді білдіргім келеді. Елбасының нұсқаған жарқын жолымен киелі қаламыздың гүлденіп, көркейіп, кемелденуіне колледждің қосар үлесі зор болуына сенімім мол.

Исматулла ПАШАНҰЛЫ,
қалалық ардагерлер ұйымының мүшесі, ағарту саласының ардагері, білім беру ісінің үздігі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы