НҰРМАХАН НАЗАРОВТЫҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

976 көрілім

Нұрмахан Назаров түркістандықтарға жақсы таныс есім. Нұрағаның көне замандардан бүгінге дейін тарихын көп жылдар бойы зерттеп, жинақтап, жарыққа шығарған «Түркістаным тағдырым», «Шежірелі Түркістан», «Түркістанға тағзым ет» атты кітаптары жарық көріп, бүгінде өз оқырмандарын тапқан. «Түркістанға тағзым ет» кітабында ақынның түркістаншылдығы түркішілдікпен ұштасып жатыр. Бұл кітап бір Түркістанға ғана емес, бүткіл түркі халықтарына арнап, туысқандық сезіммен өрілген шығармалар жинағы десе болады.
Ал, күні кеше баспадан жарық көрген «Туған жерді сүю» атты кітабында филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбек былай деп пікір білдіреді: «Отан отбасынан басталады. Отбасын сүйе алмаған Отанын да сүйіп жарытпас. Бәлкім біздің Отанға деген сүйіспеншілігіміз – Түркістаннан басталатын шығар. Бәріміз де Түркістанды сүйеміз-ақ деп жүрміз. Алайда, өзіміздің Түркістанға махаббатымыздың қандай деңгейде екенін білу үшін өзімізді өзгелермен салыстырып, іштей өзімізбен салыстырып, іштей өзімізбен сырласып алғанымыз мақұл. Түркістан жайында соңғы кезде көп айта бастаған, көбірек қалам тарта бастаған жанның бірімін. Алайда, өзімнің түркістаншылдығымды Нұрмахан Назаровтың жәдігер шаһарға деген шынайы махаббатымен салыстара бастасам сасқалақтаймын, тіпті ұялып қаламын. Өйткені Нұрмахан ағамыз кіндік қаны тамған сәттен іргесі осы бір киелі мекеннен бір елі ажыратып көрмеген. Оған дәлелді басқа жақтан іздеп әуре болудың керегі жоқ. Оның көп жылғы көзмайын тауысып жазған «Түркістаным-тағдырым» аталатын кітабына зер салып қарасақ жеткіліті», – деп ой түйгенін жазған.
Иә, ақындығы азаматтығына сай, азаматтығы ақындығына қуат берген ағамыз Нұрмахан Назаровтың Түркістан жайлы жазған еңбектеріне қоғам, оқырман қауым әділ бағасын береріне сенеміз.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы