ТҮРКІСТАНДА МҮЛІК САЛЫҒЫ МӨЛШЕРІ АРТТЫ

689 көрілім

Биылғы жаңа заңнамаға сәйкес, мүлік салығы Түркістан облысы бойынша тек Түркістан каласында ғана өсіп отыр. Бұған дейін Түркістан қаласы облыстық маңызы бар қала ретінде салықтың бағалау құны үйдің 1 шаршы метріне 12000 теңге болса, 2019 жылдан бастап облыс орталығы ретінде бағалау құны шаршы метріне 36 000 теңге мөлшерінде. Ал жер салығы өзгеріссіз. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Көкенов Мейрамбек мәлімдеді.
«Жер салығы шаршы метріне Түркістан қаласы үшін – 9,17 теңге, облыстық маңызы бар қалалар үшін – 5,79 теңге, аудандық маңызы бар қалалар үшін – 5,02 теңге көлемінде қалды. Ал мүлік салығы шаршы метріне Түркістан қаласын үшін – 36 000 теңге, облыстық маңызы бар қалалар үшін – 12 000 теңге, аудандық маңызы бар қалалар үшін – 6 000 теңге, кенттер үшін – 4 200 теңге, ауылдар үшін – 2 700 теңге көлемінде», – деді Мейрамбек Байқадамұлы
Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына қатысқан департаменттің басқарма басшысы Әлібек Лесов салық төлеушілерге жасалынатын рақымшылық шараларын баяндады.
«2020 жылы 25 тамыз – 5 қазан айлары аралығында жалпы жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салықтарынан 12 655 салық төлеуші 199 млн 105,9 мың теңге негізгі қарызы төленіп, 14 млн 920,9 мың теңге өсімпұл есептен шығарылды. 2019 жылы 79 400 салық төлеуші 429 млн 381 мың теңге негізгі қарызы төленіп, 73 млн 250,0 мың теңге өсімпұл есептен шығарылған. Облыс тұрғындарын жер, мүлік, көлік салықтарын уақытылы төлеуге шақырамыз», – деді ол.
Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында жеке тұлғалардың салық төлемдерін электронды түрде төлеу жолдары айтылды. Жергілікті бюджетке түсетін жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығынан өткен жылдың қарызын немесе ағымдағы жылдың салығын ұялы телефон арқылы Kaspi.kz, Homebank, Halykbank және eSalyq mobile бағдарламасымен төлеуге мүмкіншілік бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы