БИIК БЕЛЕСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖОЛДАУ

1  108 көрілім

№22 жалпы орта мектебiнде мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың биылғы “Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi” атты дәстүрлi Жолдауын талдау мақсатында мектеп мұғалiмдерi мен жоғары сынып оқушыларының басқосуы өттi. Жиында “Нұр Отан” партиясы қалалық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары А.Темiрбаев Жолдаудың 10 бағыты бойынша баяндама жасап, елiмiздi биiк белестерге жетелейтiн мүмкiндiк екенiне тоқталды. Қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев мектеп ұжымына “Жолдауда айтылған бiлiм беру жүйесiндегi тың бастамалар мұғалiмдердiң абырой-беделiн көтеру үшiн қолға алынған”- дей келе ұстаздар қауымы бiлiм беруде заманауи бағыттарға бағдарлану керектiгiн айтты.

Мектеп директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Б.Айтуреев ұжымда Елбасы Жолдауы қызу талқыға түскенiн, жалпы барлығы бiрауыздан қолдайтындықтарын жеткiздi. Бейiндi оқыту iсi жөнiндегi орынбасар М.Назаров Жолдаудың экономикалық һәм саяси дамуға бастар бағыттары дамыған 30 елдiң қатарына қосылуға септiгiн тигiзетiнiн тiлге тиек етiп, ойымен бөлiстi.

Басқосуға оқушылардың қатысуының мән-маңызы ерекше. Олай дейтiнiмiз олар айтылған ой-пiкiрлердi саналарына сiңiру арқылы елiмiзге артылған мiндеттердi ұғынуларына сеп болмақ. Сол арқылы болашаққа артылған мiндеттердi бағамдайтын болады.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ,

“Түркiстан”.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы