БIЛIКТIЛIКТI АРТТЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

1  109 көрілім

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың 2017 жылы 31 қаңтардағы халыққа арнаған Жолдауында «Бiздiң мiндетiмiз – бiлiм берудi экономикалық өсудiң жаңа моделiнiң орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сын тұрғысынан ойлау қабiлетiн және өз бетiмен iздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», –  деп атап өткен болатын. Осыны басшылыққа ала отырып, қаламызда 2018 жылдың ақпан айының 19-ы мен 2 наурызы аралығында «Өрлеу» БАҰО ОҚ филиалы ОҚ бойынша ПҚБАИ ұйымдастыруымен №24 жалпы орта мектебiнiң базасында «ҚР орта бiлiм мазмұнын жаңарту шеңберiнде «Математика» пәнi бойынша педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру курсы» өткiзiлдi.

Курсты институттың аға оқытушысы Майя Полатқызы Тасполат жүргiздi. Курс барысында мұғалiмдерге бағдарламаның негiзгi қырлары, белсендi оқу әдiстерiн сабақты жоспарлау, оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту, пәннiң оқулықтары мен оқу-әдiстемелiк кешенiн пайдалану, критериалды бағалау жүйесiн қолдану туралы құңды ақпараттар берiп, тренингтер жүргiздi. Бағдарламаның мақсаты «Математика», «Алгебра», «Геометрия» пәндерi бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесiн енгiзу тұрғысынан мұғалiмдердiң педагогикалық шеберлiгiн жетiлдiру болып табылады. Курс барысында мұғалiмдерге бағамдау қалай жүргiзiлетiнi түсiндiрiлiп, ол аспектiлердi меңгеруде қолдау көрсетiлдi. Сонымен қатар, мұғалiмдерге ықшамсабақ арқылы бағдарлама материалдарын өз тәжiрибесiнде сынап көруге және оқушыларға қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзiрлеуге мүмкiндiк берiлдi. Майя Полатқызының курс барысында бағдарлама бойынша берген бiлiмi, жүргiзген тренингтерi мұғалiмдердiң көңiлiнен шықты.

Мадина АЛИБАЕВА,

Ататүрiк атындағы №17 мектеп-гимназиясының математика пәнiнiң мұғалiмi.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы