ЖАРҚЫН IСТЕРГЕ ЖОЛ АШТЫ

1  041 көрілім

Елбасының 2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған “Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi” атты кезектi Жолдауы жариялаiды. Жолдауда айтылған басты 10 мiндеттi нақтылап бердi. Атап айтсақ, индустриaландыру және технологияларды енгiзудiң көшбасына айналу тиiс деген болатын. Елбасы оның нәтижелерi мұнай бағасы күрт төмендеген 2014-2015 жылдардағы дағдарыста негiзгi тұрақтандырушы факторлардың бiрi болатынын, сол себептi жоғары еңбек өнiмдiлiгi бар қайта өңдеу секторына деген бағдарымыздың өзгермегенiн айтты. Сонымен қатар, индустриyландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, мейлiнше инновациялық сипатқа ие болуы тиiс, кәсiпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнiмнiң экспортқа шығуын көздейтiн жаңа құралдарды әзiрлеп, сыннан өткiзу қажеттiгiн атап өттi.

Елбасы жолдауда ресурстық әлеуметтi одан әрi дамыту бағытында ХХI ғасырда әлемнiң табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы, олар болашақта жаһандық экономиканы және елiмiздiң экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болатынын сөз еттi. Бiрақ шикiзат индустрияларын ұйымдастыру iсiн, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керектiгiн баса айтты. Кәсiпорындардың энергия тиiмдiлiгi мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндiрушiлердiң өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиiмдiлiгiне қойылатын талаптарды арттыру керектiгiне тоқталды.

“Ақылды технологиялар” – агроөнеркәсiп кешенiн қарқынды дамыту мүмкiндiгi бойынша аграрлық саясат еңбек өнiмдiлiгiн түбегейлi арттыруға және өңделген өнiмнiң экспортын ұлғайтуға бағытталуы айтылды. Шикiзатты қайта өңдеудi қамтамасыз етiп, әлемдiк нарықтарға жоғары сапалы дайын өнiммен шығу керектiгi назарға алынды. Бұл мәселенi шешуге барлық аграрлық кешеннiң түбегейлi бет бұруы маңызды болмақ. Аграрлық ғылымды дамыту мәселесi басты назарда болуға тиiс, ол ең алдымен жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайға бейiмдеумен айналысуы қажеттiгi айтылды.

Алмасбек ТЕМIРБАЕВ,

“Нұр Отан” партиясы қалалық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы