ӨРЛЕУГЕ БАСТАЙДЫ

1  130 көрілім

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты кезектi Жолдауын Қазақстан халқына жолдады. Барша ұстаздар қауымы Жолдауды үлкен әсермен оқып үйренiп, оны жан-жақты талдадық. Әрине, ұстаз мәртебесi жайлы айтылған сөздер баршамызға ерекше жылылық сыйлап, қуанышқа бөледi. Жас та болса iскер басшымыз Алтынбек Момбеков Елбасы Жолдауын алғашқылардың бiрi болып танысып, өзектi пiкiрiн айтты. Мектеп фойесiнде тұрған теледидардан Жолдауды барлық ұстаздар, оқушылар тыңдады. Мектеп директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Ерлан Хансейтов баяндама жасап, ұжым болып талдадық. «Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни «Төртiншi өнеркәсiптiк революция» әлемiне бейiмдеу үшiн жетiстiкке жету жолын табу үшiн не iстеу қажеттiгiн айқындайды»-дейдi Елбасы. Ең маңызды 10 мiндеттi айтып, бағыт-бағдарды көрсетiп берген бұл Жолдау Қазақстанның өркендеуiне зор септiгiн тигiзерi анық.

Бұл саяси құжаттағы ең негiзгi мiндеттiң бiрi – адами капитал жөнiнде. Әсiресе, «өзiнiң тарихын, тiлiн, мәдениетiн бiлетiн, сондай-ақ заманына лайық шет тiлдерiн меңгерген, озық әрi жаһандық көзқарасы бар қазақстандық бiздiң қоғамымыздың идеалына айналуы тиiс» деген жолдар бiзге, яғни ұстаздар қауымына үлкен мiндеттер жүктейдi. Қазiргi таңда бiлiм беру iсiнде үлкен өзгерiс, ауқымды еңбек болып жатқандығы белгiлi. Ұстаздарымыз жаңаpтылған бiлiм мазмұнына көшiп, әртүрлi оқуларды оқып жаңаша әдiс-тәсiлдердi қолданудa. Мектебiмiзде 8-сынып оқушыларынa 4 пән яғни, биология, информатика, физика, химия пәндерi ағылшын тiлiнде өтiлуде.

Елбасымыз бiлiм берудiң әлемдегi озық үлгiлерiн енгiзiп, бiлiм саласына түбегейлi өзгерiс қажеттiгiн айтқаны, үлкен көрегендiктiң белгiсi деп бағалаймыз. Өйткенi, бiлiм – басты байлық, тек бiлiм арқылы бiз озық елдермен теңесе аламыз. Сондай-ақ Жолдауда «үш тiлде бiлiм беру жөнiнде, латын алфавитiне көшудi, қоғамдық сапаны жаңғырту мен ұлт әлеуетiн арттыруда еңбектенуiмiз қажеттiгiн айтып өттi. ХХI ғасыр бiлiм мен ғылым ғасыры. Бұл ғасырда жас ұрпаққа цифрлық бiлiм беру ресурстарын дамыта отырып, жастарға интернетке, видеоқұрылғыларды орнату жұмыстарын да қолға алып, заманауи технологиялармен еркiн жұмыс iстеу қажеттiне Мемлекет басшысы айрықша басымдық бергенi баянды болашағымыздың кепiлi деп бiлемiз.

Айгүл АХМЕТОВА,

№19 жалпы орта мектеп директорының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы