ОРМАНОВА ДАНА САДЫҚҚЫЗЫ

70 көрілім

Орманова Дана Садыққызы 1957 жылы 11 мамырда Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Алматы қыздар педагогикалық институтын педагог-психолог мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын 1979 жылы Түркістандағы С. Қожанов мектебінен бастаған.

1984-2004 жылдары Түркістан Көмекші мектеп-интернатында тәрбиеші, мұғалім, психолог болып жұмыс істеген. 2004 жылы Облыста алғаш ашылған Түркістан Психологиялық-педагогикалық орталықтың меңгерушісі болып тағайындалған. 2010 жылы Орталықтың жаңа ғимаратын салдырды. 2011-2013 жылдары Түркістан Көмекші мектеп-интернатының директоры, 2013-2015 жылдары  Леңгір құлағы нашар еститіндер мектеп-интернатында, Шымкент «Үміт» мектеп-интернатында директордың міндетін атқарды.

2015 жылы «ШҰҒЫЛАЛЫ ТАҢ» қайырымдылық қорын ашып, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап келеді.

Қырық жылдан бергі еңбегім бағаланып аудан, облыс, республикалық деңгейде 70-тен астам басылымдарға шығып, көптеген марапатқа ие болды:

2004 жылы – Түркістан қаласының жыл адамы.

2011 жылы – «НұрОтан» партиясы республикалық  басшылығынан «Алғыс хат».

2013 жылы – «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісі.

2016 жылы – Б.Момышұлының 100 жылдық алтын медалі.

2019 жылы – «Ұлт мақтанышы» төсбелгісі.

БАҒДАРЛАМА

«ӘЛЕМДІ ТЕҢ КӨРГЕН, ЖҮРЕКТІ ТЕРБЕГЕН»

Бағдарламамды бұлай атау себебім, бұрын «Мүмкіндігі шектеулі жандар» деп атаған адамдар бүгінде «Ерекше  қажеттіліктері бар жандар» деп аталады. Елімізде ерекше жандарға  онекі мүшесі сау адамдармен бірдей жағдай жасалынып, олар да барлық салаларда білім алып, еңбек етіп, білім, спорт, өнермен шұғылданып, шетелдерге  барып, әлемдік білім, өнер, спорт жарыстарына да қатысуда. Бұл жетістікті еселеп Ерекше қажеттілігі бар балаларға бұдан да жақсы, заман талабына сай жағдай жасау менің

БАҒДАРЛАМАМНЫҢ ӨЗЕГІ:

Ерекше жандардың ата-аналарына және коронавирус-пневмония сияқты індетпен ауырып-жазылған жандарға Психологиялық кеңес беру Орталығын ашу.

1. Қоғамның әлеуметтік әлсіз топтарына (Ерекше жандар, көпбалалы, тұрмысы нашар отбасылары, қарттар мен жетім балаларға) әлеуметтік-материалдық, қайырымдылық көмек көрсетіліп, қолдау.

2. «Шұғылалы таң» қайрымдылық қорының Ерекше жандарға бағытталған ауқымды жұмысын жалғастырып, қайырымдылық кештер, акциялар, конкурстар, фестивальдер өткізу.

3. Ерекше жандармен жұмыс істейтін  (дефектолог, психолог, социолог, логопед, сурдо, тифло) мамандардың жеткілікті қамтамасыз етілуі мен біліктілігін көтеруді қадағалау.

4. Түркістан қаласынан Ерекше жандарға арналған Арнайы ғимараттар: Оңалту орталығы, интернат, кеңес беру, логопункттер салынуына мұрындық болу.

5. Жасы 16-18-ден асып арнайы интернаттан кетіп, үлкен өмірге аяқ басқан Ерекше жандарға арналған Мәдени-рухани, спорттық, оқу залы, қол өнер шеберханасы сияқты қажеттіліктерін өтейтін орындардың аймақта көптеп салынуына ықпал ету.

6. Мектепті бітіріп үлкен өмірге қадам басқан Ерекше жандардың білімін жалғастыруы, жұмысқа орналасуы, үй кезегіне тұрып, уақытша баспанамен қамтамасыз етілуі мәселелерін шешу.

7. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ауру балалары бар ата-аналарға, Ерекше жандардың өздеріне жан-жақты көмек көрсетілуіне, жағдай жасалынып, алдынан мүмкіндіктер ашылуына белсене атсалысып, Партиямыздың Халықтық партия екенін дәлелдеуге үлес қосу.

Тұңғыш Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы  Н.Ә.Назарбаевтың партия мүшелері арасында праймериз арқылы депутаттыққа лайықтыларды іріктеу туралы бастамасын қолдаймын. Праймериз – партия  ішіндегі мықтыларды – іскер, білімді, білікті, халықпен диалогқа  түсе алатын, өз ойын кез келген жерде айта алатын азаматтар мен азаматшаларға беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Осы  мүмкіндікті  пайдаланып  өзімді  ұсынып  отырмын.

«Nur Otan»  партиясына мүше болғаныма  20 жылдан асқан белсенді мүшесі ретінде  партиямызды одан әрі қолдай беремін. Партия төрағасы  Н.Ә.Назарбаевтың  партия мүшелері арасындағы жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік  емес ұйымдардың белсенділерінің  халықтың тұрмысын жақсартуда партияның саясатын  қолдауының  арқасында  көптеген жетістіктер  бар екенін, сондай іскер азаматтардың праймеризге қатысуына мүмкіндік  ашылғанын айтуы мені қанаттандырды. Сондықтан, бұрын  «Мүмкіндігі  шектеулі»  деп аталған, енді «Ерекше қажеттіліктері бар жандар» деп  аталатын Ерекше  жандармен ұзақ жылдар бойы жұмыс жасап, солардың  әлеуметтік,  рухани,  мәдени, тәрбие, білімі жағынан басқа адамдармен тең болуы, өз мүмкіндіктерін көрсете алуы жолында еңбек етіп жүргендіктен  2015 жылы  «Шұғылалы  таң»  қайырымдылық  қорын  аштым.

Мектеп бітіріп шыққан соң 16-18 жастағы ерекше жандар мен ата-аналары үшін қиын кезең туады. Ол жастардың өз ортасы болуы керек, ал ол үшін ерекше жандарға арналған рухани-мәдени орталық  салу кезек  күттірмейді. «Шұғылалы  таң»   қайырымдылық   қорын да ерекше  жандармен 37 жыл жұмыс істеп, тәрбиелеумен айналысқандықтан, олардың мектептен кейінгі өміріне алаңдаушылық  білдіре  отырып  ашқанмын.

Менің  Праймеризге  қатысқандағы мақсатым – «Әлемді  тең  көрген, жүректі  тербеген» Ұранымен  өздерін  қоғамның  барлық жерінде  еркін  ұстап, алдыңғылары шетел  асып түрлі жарыс, байқауда ел намысын қорғап, елдің  жүрегін  елжіретіп  жүрген  Ерекше  жандарға белсенді өмірге мотивация беру.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары