Праймеризге қатысушы Васитова Уғилжан Сабиржанқызының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

50 көрілім

Түркістан қалсы бойынша

Праймеризге қатысушы 

Васитова Угилжан Сабиржанқызы         

ЖШС «Туркестан Агро XXI» кәсіпорынының директоры

         Құрметті Түркістан жұрты, партиялас бауырларым мен  жаңа буын «Жас Отан»!

Жерлестер, Отандастар, Замандастар!

Иә Замандастар, әрқайсымыз 21-ші ғасырдың төрінен орын алып, Жаңарған Жаңа Қазақстан замандасымыз!

Әлемдік өркениетпен қатар керегемізді кере отырып, Тәуелсіз мемлекетіміздің жан жақты тіршілік саласындағы қуатын арттыру мен ел азаматтарының әлеуметін қанағаттандыру барысында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» партиясының  құрылғаннан бергі 20 жылда атқарған шаралары «орасан зор» екендігі баршамызға аян.

  Бүгінгі таңда «Нұр Отан»-дықтарды партиямыздың саяси бағдарламасы мен жалпыұлттық дамуға бағытталып, партия Доктринасында шегеленіп, бекітілген  ортақ құндылықтар біріктіреді.

  Жеңіске жетелейтін сол бірлікпен-тірлікке, яғни алдағы атқарылатын орасан зор еңбектің жоспары ретінде партиямызбен дайындалып нақтыланған сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, ел назарына ұсынылуда.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы – еліміздің және өңіріміздің дамуына бағытталған нақты іс-қимыл жоспары болып табылса, менің сайлауалды бағдарламам, партия бағдарламасын жергілікті деңгейде толыққанды жүзеге асыруға  атсалысумен қатар, мені жетелейтін жеті бағдардан тұрады.

Ұсынып отырған бағдарламамды оң қабақпен қабыл алыңыз!

Ізгі ниетпен, әрқашан да Сіздің Васитова Угилжан Сабиржанқызы.

  Жұмыла көтерген жүк жеңіл!  

1.Түркістанда  көпсалалы агроөндіріс кешенін ұйымдастыру;

2.Түркістан қалалық сервистік қызмет көрсету орталығын ашу;

3.Жергілікті әлеуметтік  қамсыздандыру секторына жаңа серпініс беру

4.Түркістан заманауи қала

5.Саябақтар мен арбат алаңын және көпшілік орындарды тегін интернет желісін тарату жүйелерімен қамту

6.Тұран мәдениетіне тән «Ат спорты» клубын ұйымдастыру мен ипподром кешенін салғызу;

7.Түркістан қаласында облыс орталығына тән Сауықтыру орталығын ашу;

8.Сонымен қатар:Спорт алаңдары мен  сауықтыру нысандарының құрылысын ұйымдастыру ;

9.Жеке кәсіпкерлікке жан жақты қолдау көрсету

10.«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету

    Құрметті азаматтар!

Жоғарыда ұсынған сайлау алды бағдарламамды жүзеге асыру мақсатында, праймеризге қатысып, үміткер ретінде алдарыңызға келдім. Ендігі таңдау Сіздерден…

Алдағы праймериз уақытының барысында жобалаған сайлау алды бағдарламамның әрбір бөлімінің жүзеге асыру жолдарын назарларыңызға ұсынып отыратын боламын.

Қандай да ұсыныстарыңыз бен қосатын ойларыңыз болса, тікелей байланысқа шығуыңызды сұранамын.

 Істеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

 ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ 

Тарихы терең Түркістан

Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Ясыға көшті”, – дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.

Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Ясауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық..

ХІҮ ғасырда, яғни А.Ясауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, “Хазреті Түркістан” немесе “Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды.

ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.

Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.

Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала.

Түркістан облыс орталығы мәртебесін 2018 жылғы 19 маусымда алды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы тарихи Жарлыққа қол қойды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары