БАҒДАРЛАМА – БАҒДАРЫМЫЗ

1  333 көрілім

Студенттердiң мамандықты тез әрi сапалы меңгеруiне және денсаулықтарының мықты болуына, дененiң физикалық дамуына спорттың және дене тәрбиесiнiң тигiзетiн ықпалы өте үлкен екенiн бiздiң №21 колледж қызметкерлерi мен ұстаздары және өндiрiстiк оқыту шеберлерi өте жақсы түсiнедi. Топпен тәрбие жұмыстарын жүргiзгенде, салауатты өмiр салтына, спорттық-көпшiлiк iс-шараларға көп көңiл бөлемiн. Бұл iс-шараларға қатысуға студенттердi алғашқы оқу күнiнен бастап баулимын. Колледжде оқу жылының басталған алғашқы кезiнде, яғни қыркүйек айында бiлiм ұясының табалдырығын жаңа аттаған студенттер мен бiтiрiп кеткен түлектер арасында жыл сайын баскетбол мен футболдан жолдастық кездесу өткiзу дәстүрге айналған.

Мәдени және тәрбие iс-шараларын жоспарлағанда салауатты өмiр салтына, спорттың қоғамдық түрлерiне көп көңiл бөлемiн. Оның iшiнде: туристiк сапарларға, спорттық кездесулерге, соғыс ардагерлерiнiң монументтерiне, Қ.А.Ясауи кесенесiне апарамын. Туристiк сапарларға барғанда студенттердiң табиғатты, еңбектi, спортты сүюлерiне аса көңiл бөлiп, топтағы татулык пен ауызбiршiлiктi сақтауға, бiр-бiрiне кез келген уақытта көмектесуге, сыйлауға үйретемiн.

Өзiм ұстаз және ата-ана ретiнде тобымдағы әрбiр баланың жүрегiне жол табуға тырысамын. Бiлiм алушыға құр ақыл айту немесе ұрысып-жеку ешбiр нәтиже бермейтiндiгi бүгiнде педагогикада дәлелденген жәйт. Осыны ескере отырып, әрдайым тобымдағы бiлiм алушылардың ойындарына, күнделiктi тыныс-тiршiлiгiне етене араласып, шәкiрттерiмнiң өмiрге деген қызығушылығымен бiрге өмiр сүремiн. Сондықтан да болар, олар өз кезегiнде менiң тарапымнан бiлдiрiлген бастамаларды толық қолдап отырады.

Студенттерiм Ұлдидар Артықбаева «Алтын күз» қыздар байқауында жүлделi бiрiншi орынды алса, ал Бақберген Орынбаев, Диана Бексұлтанова колледждер арасындағы облыс бойынша тоғызқұмалақтан өткен жарысқа қатысып, жүлделi II орынды жеңiп алуы – менiң ғана емес, бiлiм ұясы үшiн үлкен жетiстiк.

Н.Ә.Назарбаевтың «Болaшаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында спорттық iс-шараларға ұдайы қатысу болашақ маманның тәртiптi, ұйымшыл ұжым мүшесi болуға үлкен пайдасын тигiзедi. Мұның дәлелi бiтiрушi студенттерiмiз өндiрiсте қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, жаман әдеттерден аулақ болуда. Менiң тобым колледж арасындағы өтетiн топтық спорттық жарыстарда әрдайым алдыңғы орындардан көрiнедi, сонымен қатар колледж қабырғасында жүргiзiлетiн қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. Колледжде өтетiн тәрбие бағытының әр саласы өте маңызды, соның iшiнде спорт алдыңғы қатарда тұратынына кәмiл сенiмдiмiн.

Сұлтанәлi ҚОСДАУЛЕТОВ,

№21 колледждiң дене тәрбиесi пәнiнiң оқытушысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы