ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНДА АБАЙ БОЛАЙЫҚ!

579 көрілім

Республика аумағында соңғы жылдары жылу беру маусымында тұрғындармен газ құрылғыларын және қатты отынмен жанатын пештерді пайдалану кезінде жазатайым оқиғалардың саны артып отыр.

Өрт оқиғаларының Түркістан қаласының аумағында орын алмауы үшін төмендегі қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтаңыздар:

  • Электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз;
  • Электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде қолдарып, перделер мен жиһаздан алшақ, жанбайтын тіреулерін орналастырыңыз;
  • Электр аспаптарын бір нүктеге қосуға жол бермеңіз, бұл электр желісінің шамадан тыс қуатттығына әкеліп соқтырады;
  • Қолдан жасалған қыздырғыш аспаптарын, қуаттың артып кетуін және қысқа тұйықталуды болдырмау мақсатында калибрленген ерігіш ендірмелерді және басқа да қолдан жасалған аппараттарды қолданбаңыз;
  • Қыздырғыштарды киім- кешек кептіру үшін пайдаланбаңыз;
  • Үйді жылыту үшін газ плиталарын қолданбаңыз;
  • Үйден шығарда барлық газ және электр қондырғыларының өшірілгеніне қол жеткізіңіз;
  • Жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіп, мұржаларды  күл- қоқыстан айында кемінде бір рет тазалап тұрыңыз;
  • Қатты отын пайдаланатын пеш есігінің астындағы жанғыш материалдан жасалған еденді өлшемі 50х70 см кем болмайтын есік алды қаңылтырмен қорғаңыз;
  • Пешке тамызғы ретінде жанғыш сұйықтықтарды қолдануға жол бермеңіз;
  • Пештерді жағуды үйден шығар алдында кемінде 2 сағат бұрын тоқтатыңыз;
  • Сіріңке мен жандырғыш құралдарды балалардың қол жетпейтін жерде сақтаңыз;
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Төсек орнында темекі шекпеңіз, темекі тұқылдарын балкондар мен лоджиялардан лақтырмаңыз;
  • –         Дайындалып жатқан тамақтың плитада бақылаусыз қалуына жол бермеңіз.

Өрт болған жағдайда дереу  «101»  немесе 4-24-01 телефонына  қоңырау шалыңыз.

Т.НУРТАЕВ,
Түркістан қаласындағы
№1 мамандандырылған
өрт сөндіру бөлімінің инженері  
азаматтық қорғау аға лейтенанты.               
                              

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы