Жолдауға қолдау – ДӘРІГЕРЛЕР ДӘН РИЗА

1  584 көрілім

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жылдағы дәстүрмен жасаған биылғы Жолдауы – еліміздегі саяси оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қабылданатын тарихи құжат. Жолдаудан Қазақстан халқы үлкен үміт, жақсылыққа ұмтылыс, жаңалық күтіп үйренгені де рас. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге бағытталған биылғы Жолдауынан дәрігерлер де үлкен үміт күтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне екінші жартыжылдық үшін ынталандыру үстемеақысын төлеуге 150 млрд. теңге бөлуді тапсырып, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады деді.

Ел экономикасына кері әсерін тигізіп отырған пандемияның өршіген кезінде адам денсаулығы басты назарда болғаны ақиқат. Бұл індетпен күресу әлі де жалғасып жатыр. Қаншама дәрігерлер өз өмірін тәуекелге салып, Гиппократ антына адал қызмет ету жолында аянбай тер төгіп жатыр.

Ендеше еңбектің ескеріліп отырғаны осы болар, ел Президенті ақ халатты абзал жандарға үлкен қолдау көрсетіп отыр. Бұл Жолдау алдағы уақытта медицина саласының жұмысын жандандыруға үлкен серпін берері анық.

Дилбек АБДИЕВ,
Ақмарал ауруханасының неврология бөлімінің
І санатты дәрігер неврологы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы